Академиялық мәтіндердің білім мазмұнын нақтылай отырып, олардың ерекшеліктерін, құрамын талдап көрсету; Нысаналы ғылым саласына сәйкес мәтіннің құрылымын игерту және қолданылатын зерттеу әдістерін айқындау; академиялық бағытта жазылатын мәтіндердің түрлерін ажырата білу арқылы мән-мағынасы айқын, ақпарат мәліметі түсінікті, тілі жатық өз бетінше әзірленетін шығармашылық жұмыс жазуға үйрету.