Пән Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі негізгі кезеңдері туралы объективті тарихи білімді қалыптастыруға бағытталған. 

Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру.

 Пәннің міндеттері:

1) білім алушыларды фундаментальді деректанулық және тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен таныстыру;

2) Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын анықтау;

3) дамудың заманауи кезеңіндегі өзекті мәселелерді талдау үшін Қазақстан тарихының нысаны мен пәнінің ерекшелігін анықтау;

4) Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік формалары мен өркениеттердің эволюциясын, қазақ халқы этногенезінің негізгі кезеңдерін толық және объективті көрсетуге Қазақстан тарихының ғылыми-негізделген тұжырымдамасын жасау;

5) Қазіргі Қазақстан тарихының оқиғалары туралы білімдерді жүйелеу.