Бұл пән білім берудегі цифрлық трансформацияның негіздерін, электрондық оқыту технологияларын, қашықтықтан оқыту платформаларын (Moodle, Platonus, Google Classroom және т.б.), сондай-ақ сандық білім беру ресурстарын (интерактивті тапсырмалар, мультимедиялық материалдар, онлайн тестілеу құралдары) қолдану жолдарын қарастырады. Курс барысында студенттер электрондық білім беру құралдарын тиімді пайдалану, оқу контентін цифрлық форматта дайындау, оқу үдерісін онлайн ұйымдастыру, бағалау жүйесін автоматтандыру, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік және академиялық адалдық талаптары бойынша білім мен дағдыларға ие болады. Пән педагогикалық үдерісті жаңғыртуға, оқыту сапасын арттыруға және заманауи білім беру технологияларына бейімделген бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған.