Бұл пән спорт саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін зерттеуге арналған. Пән барысында спорттық қатынастарды реттейтін ұлттық және халықаралық заңнамалар, спорт ұйымдарының құқықтық мәртебесі, спортшылардың, жаттықтырушылардың және өзге де субъектілердің құқықтары мен міндеттері қарастырылады. Сонымен қатар еңбек қатынастары, келісімшарттар, тәртіптік жауапкершілік, допингке қарсы саясат және спорттағы дауларды шешудің құқықтық тетіктері қамтылады. Пән студенттердің спорт саласында құқықтық сауаттылығын арттырып, кәсіби қызметте заң талаптарын дұрыс қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
- Course creator: Эльвира Тебегенова