«Әлеуметтану»  курсының мақсаты:

1) негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді студенттерге меңгерту;

2) қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;

3) заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын  қалыптастыру;

4) студенттерге әлеуметтік, саяси ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игерту;

5) әлеуметтік, саяси білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын  үйрету.

Бұл курс 1 семестрде оқытылады. Оны оқытуға 2 кредит берілген, оның ішіне аудиториялық сабақтар: дәріс, семинар сабақтары кіреді.Сондай-ақ, студенттер өз бетінше СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындайды.