«Әлеуметтану» курсының мақсаты студенттердің пән туралы, пәннің негізгі бағыттары мен салалары туралы әлеуметтік көзқарасын, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін, әлеуметтанудың өзекті мәселелері мен салаларын қалыптастыруға бағытталған. Әлеуметтану студенттердің назарын қазіргі қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға аударады.
Бұл курс 1 семестрде оқытылады. Оны оқытуға 3 кредит берілген, оның ішіне аудиториялық сабақтар: дәріс, семинар сабақтары, сондай-ақ, СОӨЖ және СӨЖ кіреді. Курс 2 модульден тұрады, әлеуметтану - қоғам туралы ғылым ретінде, әлеуметтанудың әлеуметтік өмірдегі ролі деп аталады.